Футбол

«Астана» сырт алаңда «Қайсарды» жеңді

«Астана» сырт алаңда «Қайсарды» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан премьер лигасының 27-туры аясындағы «Қайсар» мен «Астана» кездесуінде қонақтар жеңіске жетті.

Кездесудің бірінші таймында қос команда да гол соға алады. Есесіне екінші таймда алаңға жиналған жұртшылық бес гол көрді.

Ойындағы есепті «Қайсар» ойыншысы Тоқтар Жаңқылышбай ашты. Ол елордалық команданың қорғаушысы Шитовтың қателігін ұтымды пайдаланды.

Бұл голға «Астана» төрт доппен жауап қатты. Алдымен Срджан Граховац есепті теңістірді. Кейін қос қорғаушы Логвиненко мен Шитов та өз аттарын таблода жақты. Кездесу соңына қарай Асхат Тағыберген де қызылордалық команда қақпасынан саңлау тапты.

Осы жеңісінен соң «Астана» турнирлік кестеде 63 ұпаймен қайтадан көш бастады. Екінші орындағы «Қайрат» елордалық командадан екі ойынға артық өткізгеніне қарамастан бір ұпайға қалып келеді.

ҚПЛ

27-тур

«Қайсар» — «Астана» 1:4 (0:0)

Голдар: Жаңғылышбай 46 (1:0), Граховац 60 (1:1), Шитов 65 (1:2), Логвиненко 76 (1:3), Тағыберген 90+1 (4:1)

Соғылмаған пенальти: Граховац 60

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер