Бокс

Головкин: Мен жеңіске жеттім, ал Канело – биші

Головкин: Мен жеңіске жеттім, ал Канело – биші
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Лас-Вегаста Сауль Альвареске қарсы кездесуде жеңіске лайықты болғанына сенімді.

«Мен Big Drama Show-ды қаладым. Оны әр раунд сайын аңдумен болғанмын, жеңіске жеттім деп есептеймін. Жеңдім деп сенемін. Мен оған үш, көп болса, төрт раунд бердім. Адамдардың реакцияларын көрдіңіздер. Бірінші кезекте, мексикалықтарды құттықтағым келеді, бүгін оларда үлкен мейрам – Тәуелсіздік күні. Енді барша адамдар мен жанкүйерлер кімнің чемпион екенін біледі. Мен сол джебті бақылауда ұстадым, көп соққы жасадым. Канело «Mexican style» көрсете алмады, оны көрсеткен менмін, ал ол – биші», - деді Головкин жекпе-жектен кейін ESPN-ге.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес төрешілердің шешімімен тең түскен болатын. Бұл шешім жанкүйерлер мен мамандар арасында үлкен дау туғызды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер