Қайрат Ахметов филиппиндік қарсыласын тізе бүктірді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖеңіл салмақта ONE FC бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметов Индонезия елінде филиппиндік Гетдже Эустакио жеңді.
Қайрат Ахметов ONE FC Championship Total Victory турнирі аясында өткен жекпе-жекте филиппиндік Гетдже Эустакиодан төрешілер шешімі бойынша басым түсті. Жекпе-жек Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен.
Кездесу аяқталған соң «Қазақ» өзі есе жіберген Адриано Мораесті қарымта жекпе-жек өткізуге шақырды.
Айта кетейік, 5 тамыз күні Макаода өткен ONE FC Kings and Conquerors промоушенінің турнирінде «Қазақ» бразилиялық Адриано Мораестен жеңіліп, ONE FC белбеуінен айырылып қалған болатын.
Бұған дейін Қайрат Ахметов аралас жекпе-жекте 21 жекпе-жек өткізіп, оның жиырмасында жеңіске жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберді.