Басқа

Афинада әлем чемпионатында «Семей» спорт академиясының оқушылары күміс пен қола жеңіп алды

Афинада әлем чемпионатында  «Семей» спорт академиясының оқушылары  күміс пен қола жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

2017 жылдың 4-10 қыркүйек аралығында Афинада (Греция) өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында «Семей қаласы бойынша №1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ оқушылары грек-рим күресінде Базарбаев Нұрсұлтан (54 кг) – 2-ші орын, Мамырбеков Ерасыл (42 кг) – 3-ші орын иеленді.

54 келі салмақ дәрежесінде күрескен Н. Базарбаев финалда ресейлік Г. Доевке 5:7 есебімен жол беріп алды. 42 келі салмақ дәрежесінде күрескен Е. Мамырбеков, биылғы жылдың шілде айында Бангкокте өткен Азия чемпионатының финалында үнді балуаны А. Аршадқа жол беріп, күміс жүлдегер атанған. Бұл жолы үшінші орын үшін таласта, біздің жерлесіміз үнділікпен қайта кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Фото интернет желіден алынған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер