Басқа

Өскеменде прокуратура қызметкерлерінің арасында спартакиада өтуде

Өскеменде прокуратура қызметкерлерінің арасында спартакиада өтуде
news-banner7
mobile-news-top

Шығыс Қазақстан өңірінде прокуратура қызметкерлері арасында алғаш рет жарыс ұйымдастырылып отыр.

Жарысқа ШҚО, Алматы, Павлодар қалаларынан барлығы 100-ден аса сымбатты да көрікті әрі өз ісінің нағыз маманы танылған прокуратура қызметкерлері қатысуда. Шара бағдарламасына сәйкес, прокуратура қызметкерлері 5 тәртіпте сайысуда. Олар: гір спорты, армрестлинг, жеңіл атлетика, арқан тарту және волейбол.

Айта кету керек, прокуратура қызметкерлері арасындағы спартакиада алдын-ала таңдалған екі алаңда өткізілуде. Оның бірі Жекпе-Жек сарайы болса, енді бірі О.Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика манежі.

Бір күнге созылатын жарыстың жеңімпаздарының марапаттау рәсімі кешкі сағат 18.00-де Жекпе-Жек сарайында орын алады деп күтілуде.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер