Бокс/Күрес/ММА

Бекболат Тілеухан Арман Оспановқа: Мұңаймашы, батырым!

Бекболат Тілеухан Арман Оспановқа: Мұңаймашы, батырым!
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан Алматы қаласында өткен АСВ 69 «Young eagles 22» халықаралық турнирінде жеңіліс тапқан Арман «Сұңқар» Оспановқа қолдау көрсетті.

Мұңаймашы, батырым! Бұндай жарамен жекпе-жекке шықпақ түгілі ет жемекке шығуға болмайтынын білмедің бе, аңғалым-ай! Антибиотик жайлап кеткен бойыңмен "бойға" шықпасаң қазақ боласың ба? Бабыңда болсаң сені жеңер жуырда жан жоғы анық еді ғой, әйтпесе. Оқасы жоқ, Арманжан! Жеңістің қадірін білу үшін бұндай да арасында керек болар. Не болса да, Жаратқан қайырын берсін! Мерейің үстем болар жарқын күндер, бұйыртса, алда! Еңсеңді түсірме, арыстан-інім! Алмастай жарқылдап, қырандай қалықтай бер! Алла шипасын бергей!, - деп жазды Бекболат Тілеухан Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, АСВ 69 «Young eagles 22» халықаралық турнирінде «Сұңқар» бразилиялық Тьяго Луис Силвадан жеңіліп қалды. Арман Оспанов бұған дейін ережесіз жекпе-жекте 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Тьяго Луис Сильва 12 жекпе-жегінде қарсыласынан басым түссе, бесеуінде жеңіліс тапқан. Бұл Арманның алғашқы жеңілісі болды.

Спорт кешеніне келген жанкүйерлер жекпе-жек алдында Арман Оспановтың аяғында жарақаты бар екенін бірден аңғарды. Дегенмен Арманның аяғындағы жарақатынан бөлек оның қолына ота жасалған екен. Бұл туралы кездесуден соң «Сұңқар» өнер көрсететін «Alash Pride» клубының президенті Данияр Қасқарауов ProSports тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер