Күрес

Қазақстан күрес федерациясының отырысы өтті

Қазақстан күрес федерациясының отырысы өтті
news-banner7
mobile-news-top

Астанада Қазақстан күрес федерациясының кезекті отырысы өтті. Шараға федерацияның вице президенті Данияр Абулгазин, грек-рим күресі бойынша вице президент Дәулет Тұрлыханов, халықаралық қатынастар және қоғаммен байланыс жөніндегі вице президент Сәкен Мусайбеков және төрешілер корпусы мен бапкерлер кеңесі жөніндегі вице президент Ерлан Қожасбай қатысты.

Жиында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ұлттық құрама бапкерлерінің есебі тыңдалды. Жаттықтырушылар Парижде өткен әлем чемпионатындағы нәтижесі бойынша есеп берді.

Отырыста бапкерлерге күресті дамыту, жаттықтырушылар жұмысының сапасын көтеру міндеті жүктелді.

Сондай-ақ отырыста елдегі қала, аудандарда күрес задын ашып, оларды кілеммен қамтасыз ету туралы шешім қабылданды. Ал төрешілер жұмысын жақсарту үшін оларға тренинг, семинарлар өткізу туралы айтылды.

Күрестен Қазақстан құрамасы алдағы уақытта түрлі халықаралық жарыстарға қатысады. Соның бірі - 17 қыркүйекте Ашхабадта басталатын жабық алаңдағы Азия ойындары. Ал келер жылғы басты дода Индонезияда өтетін Азия ойындары болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер