Басқа

Азия ойындары қарсаңында Ашхабадта қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Азия ойындары қарсаңында Ашхабадта қауіпсіздік шаралары күшейтілуде
news-banner7
mobile-news-top

Ашғабадқа ұшып барған азаматтардың қалта телефондарына дейін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Дереккөздің хабарлауынша, бұл жағдай жайында Түркімен редакциясына 27 жастағы Миве есімді (аты-жөні өзгертілген - ред) түркімен азаматшасы айтқан.

«Ашғабадқа келе салысымен әуежай қызметкерлері қолымдағы телефонымды тартып алып, жеке ақпараттарды оқи бастады. Менің жігітімнің кім екенін сұрай бастады. Сосын Түркіменстанда жігіттер құрып қалды ма, шетелдік неге керек деп айқайлады», - дейді Миве.

Ол Лондоннан келгенде, телефонындағы шетелдік азаматпен бірге түскен суреттерін көріп, әуежай қызметкерлерінің тергеуге алғанын айтады.

Оның сөзінше, өзімен бірге келген екі құрбысының да телефондарын алып, тексерген.

Айтf кетейік, Ашғабадта 17-27 қыркүйек аралығында V Азия ойындары өтеді. Жарыс қарсаңында қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер