Футзалдан Қазақстан құрамасы Таиландты жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФутзалдан Қазақстан құрамасы халықаралық Таиланд патшасының кубогында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Бангкок өткен матч жерлестеріміздің пайдасына шешілді - 2:1. Қазақстан құрамасы сапында жеңісті голды Михаил Першин соқты. Осылайша, отандастырымыз турнирде бірінші жеңісіне жетті. Бірінші ойында қазақтармен тең түскен Аргентина құрамасы Африка өкілі Мозамбикті 9:1 есебімен тас-талқан етіп, топта көш бастады.
Енді Қазақстан құрамасы соңғы турда Мозамбикпен күш сынаса, жарыс қожайындары Аргентина құрамасымен кездеседі.
Таиланд патшасының кубогы – 2017. 2-ші тур
Таиланд 1:2 Қазақстан
Голдар: Вонгук 22 -Таку 28, Катавют (автогол) 28
10 қыркүйек, Бангкок
Турнирлік кесте
Команда Ж Т Ұ СГ ЖГ Ұ
Аргентина 1 1 0 9 1 4
Қазақстан 1 1 0 2 1 4
Таиланд 1 0 1 7 5 3
Мозамбик 0 0 2 4 15 0