русский язык
Бокс

Питер Нельсон: Головкинге қарсы алты раунд шыдағандарға орден беру керек

НВО телеарнасының вице-президенті Питер Нельсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы ойын айтты.

«Осы жігіттің айналасында бір мистика бар – онымен ешкім жұдырықтасқысы келмейді. Оған қарсы алты раунд шыдағандарды орденмен марапаттау керек! Кейін «боксшылар клубы» құрылып, олар бір ғана сөзді қайталай берді: «Мен Головкинмен жұдырықтасамын... Бірақ келесі жекпе-жекте емес», - деді Нельсон.

Айта кетейік, Головкин келесі кездесуін 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткізеді. Қарсыласы Сауль Альварес болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;