МӘССАҒАН
Бокс/Күрес/ММА

Арман Оспанов: Көп спортшы менімен жекпе-жекке шығудан қорықты

Арман Оспанов: Көп спортшы менімен жекпе-жекке шығудан қорықты
news-banner7
mobile-news-top

Атақты файтер Арман "Сұңқар" Оспанов 9 қыркүйек күні Алматыда жекпе-жек өткізеді. Спортшымыз кездесу алдында жағдайын баяндап, prosports.kz тілшісіне кішігірім сұқбат берген.

- Жекпе-жек алдындағы дайындық қалай өтіп жатыр?
- Таяуда Дағыстанда және Тайландта жаттығу өткіздік. Қазір Алматыдамын, кездесуге психологиялық және физикалық тұрғыда толықтай дайынмын.

- Қарсыласыңыз - бразилиялық спортшы Тьяго Силва. Өзі джиу-джитсудан қара белбеу иегері екен. Мықты және осыл тұстарын зерттедіңіз бе?
- Силва Shooto Brazil деген нұсқа бойынша чемпион. Жоғары рейтингіге ие. Не боларын көрерміз. Джиу-джитсу әдістеріне қарсы амал табыла жатар. Мен де жауынгерлік самбодан чемпионмын. Айтпақшы, бұл қарсыласты АСВ ұйымы таңдап берген. Көп спортшы менімен жекпе-жекке шығудан қорықты. Кездесуге үш апта қалғанда ғана бразилиялықпен келісім жасалған.

- Алматыда жанкүйерлер көп жиналады деп ойлайсыз ба?
- ММА қазіргі таңда жоғары дәрежеге көтеріліп келе жатыр. Қазақстандық спортсүйер қауымның, соның ішінде алматылықтардың аралас жекпе-жекке деген ықыласы ерекше. Сондықтан көрермен көп келеді деп ойлаймын қыркүйектің тоғызында.

- АСВ ұйымымен алдағы жоспар қандай? Әлде жаңа жобалар күтіп тұр ма?
- Келісімшарт бойынша менің екінші жекпе-жегім Қазақстанда өту керек еді. Мінекей, сол уағдаластықты орындамақпыз. Кейін үшінші жекпе-жек дәл осы ұйым аясында ұйымдастырылады. Ол кезде титулдық кездесу болады. Соған келе жатырмыз ақырындап.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер