Футбол

Ұлан Қонысбаев «Астана» сапында жаттығып жүр

Ұлан Қонысбаев «Астана» сапында жаттығып жүр
news-banner7
mobile-news-top

Өткен жылы Қытай құрамасына қарсы жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған Ұлан Қонысбаев бір жылдық үзілістен соң қайта жаттығуға кірісті, деп хабарлайды ProSports сайты.

Ұлан Қонысбаев «Астана» футбол клубымен бірге жаттығу өткізіп жүр. Елордалық команданың кезекті жаттығу жұмысынан есеп беру фотосында Ұлан Қонысбаев әріптестері Евгений Постников пен Срджан Граховацпен бірге түсіп қалған.

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Ұлан Қонысбаевтың «Астана» клубының қосалқы құрамымен келісімшарты болған. Ал қазіргі таңда бірінші командаға қосылды.

Айта кетейік, 28 жастағы футболшы 2016 жылдың 7 шілдесі күні Қазақстан құрамасы сапында Қытайға қарсы жолдастық кездесуде аяғының сүйегін сындырып алған еді. Ұлан Қонысбаевқа бірден Қытай жерінде ота жасалып артынша, Рим қаласына тексерілуге жіберілген. Сапасыз жасалған отаның салдарынан қосымша бір ота жасауға тура келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер