МӘССАҒАН
Бокс

Гиясов: Жеңіске жетудің кілті - еліңе деген сүйіспеншілікте

Гиясов: Жеңіске жетудің кілті - еліңе деген сүйіспеншілікте
news-banner7
mobile-news-top

Германияның Гамбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында өзбекстандық Шахрам Гиясов төрешілердің шешімімен Абылайхан Жүсіповты жеңіп финалға шықты.

Жекпе-жектен кейін Шахрам тілшіміздің сұрақтарына жауап берген:

- Жеңіс құтты болсын, Абылайхан туралы пікірің қандай?

- Болашағы бар жігіт, оны сыйлаймын.

- Қазақстаннан шыққан үздік әуесқой боксшылар кімдер деп ойлайсың?

- Меніңше, Серік Сапиев пен Данияр Елеусінов.

- Футболдағы сүйікті ойыншың кім?

- Әрине, Роналду. Одан асқан футболшы жоқ қазіргі таңда. Криштианумен өмірде бір кездесуді армандап жүрмін.

- Бокста жеңіске жетудің кілті неде?

- Еліңе деген махаббат, сүйіспеншілікте.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер