Футбол

«Қазақстан футболының түлегі» «Анжиде» ойнайды

 «Қазақстан футболының түлегі» «Анжиде» ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Михаил Бакаев мансабын ресейлік «Анжи» командасында жалғастырады.

Бұл туралы SportBox сайты мәлімдеді. 30 жастағы футболшы «Анжи» клубында 2009-2011 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Михаил Бакаев «Қайратқа» 2014 жылы ауысып келген. Ол алматылық ұжымның сапында барлығы 80 матч өткізіп үлгерді.

Айта кетейік, Михаил Бакаев ресейдің тумасы Қазақстанның азаматтығын алып, «Қайраттың» сапында «Қазақстан футболының түлегі» болып өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер