Футбол

«Қайраттың» шабуылшысы Гоу «Партизанға» ауысуы мүмкін

«Қайраттың» шабуылшысы Гоу «Партизанға» ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Сербиялық «Партизан» командасы «Қайрат» клубының шабуылшысы Жерар Гоуға қызығушылық танытып отыр, деп жазады ProSports.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, «Партизан» командасы Гоуға 2015/16 жылы «Црвена Звезда» клубына қарсы өткен матчтан кейін қызығушылық таныта бастаған.

Жерар Гоу «Олимпиакос» клубына ауысатын «Партизанның» шабуылшысы Урош Джурджевичтің орнын басу қажет. Ивуарлық футболшының өзі Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнайтын жаңа командаға ауысуға ниетті.

Айта кетейік, Жерар Гоу қазіргі таңда ел біріншілігінің сұрмергендер көшін 17 дәл соққымен бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер