Бокс

Тарихи сәт. Мейвезер МакГрегорды оңай жеңді

Тарихи сәт. Мейвезер МакГрегорды оңай жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорді техникалық нокаутпен ұтты.

Лас-Вегастағы T-Mobile аrena спорт кешенінде өткен жекпе-жек америкалық боксшының басымдығымен өтті. Кездесудің бас төрешісі 10 раундта жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша Флойд Мейвезер техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

12 дүркін әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Мейвезер аталмыш жекпе-жектен соң мансабын аяқтайтынын айтқан. Ал ирландиялық Конор МакГрегор Головкин – Канело жекпе-жегінің жеңімпазымен қолғап түйістіруі мүмкін. Бұл туралы ресейлік UFC файтері Хабиб Нурмагомедов тікелей эфирді жүргізу барысында айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер