Бокс/Күрес/ММА

Х.Нурмагомедов: Макгрегор мен Головкин жекпе-жек өткізуі мүмкін

Х.Нурмагомедов: Макгрегор мен Головкин жекпе-жек өткізуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік UFC файтері Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегор Флойд Мейвезерді тізе бүктірсе, Головкин – Канело жекпе-жегінің жеңімпазымен қолғап түйістіруі мүмкін екенін айтты.

Хабиб Нурмагомедов ресейлік арнаның бірінде Макгрегор – Мейвезер жекпе-жегін жүргізіп отыр. Сөзінің барысында ол Макгрегор мен Головкинның жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты. Екеуінің физикалық жағдайы, дене бітімі бірдей екенін атап өтті. Қос спортшының кездесуі бокс тарихында қалатынына сенімді.

Еске салайық, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу бүгін Лас-Вегастағы T-Mobile аrena спорт кешенінде өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 500 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.

Аталмыш жекпе-жек мына сілтемеден көре аласыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер