Бокс/Күрес/ММА

Жанқош Тұраров: МакГрегор Мейвезерге лайықты қарсылас емес

Жанқош Тұраров: МакГрегор Мейвезерге лайықты қарсылас емес
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров ProSports тілшісіне берген сұхбатында жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор мен бес салмақ бойынша бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жекке болжам жасады.

- Әрине, бұл шоу. Аты да шулы. Аудиториясы кең. Өйткені бокстың да, ережесіз жекпе-жектің жанкүйерлері бұл кездесуді асыға күтіп жүр. Спорттан тыс адамдар да бұл жекпе-жектен хабардар. Сол үшін де қызық.

Негізі Конор МакГрегор Флойд Мейвезерге лайықты қарсылас емес. Не дегенмен, Мейвезер даңқты былғары қолғап шебері, - дейді Жанқош Тұраров ProSports тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу бүгін Лас-Вегастағы T-Mobile аrena спорт кешенінде өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 500 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.

Аталмыш жекпе-жек мына сілтемеден көре аласыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер