«Хабар» Мейвезер – Макгрегор жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Хабар» телеарнасы америкалық Флойд Мейвезер мен ирландиялық Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жекті көрсететін болды.
Аталмыш кездесу 27-ші тамыз күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Жекпе-жек Астана уақытымен таңғы сағат 08:00-де басталады. «Хабар» арнасы бұл айқасты тікелей эфирде көрсетеді.