Велоспорт

Луценко «Вуэльтаның» 5-ші кезеңінде топ жарды

 Луценко «Вуэльтаның» 5-ші кезеңінде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко «Вуэльта» көпкүндігінің бесінші кезеңінде жарқын жеңіске жетті.

Испанияның Беникассим қаласында бастау алған бесінші кезең 175 шақырымға созылды. Бұл бәсекеде елордалық клубтың велошабандозы Алексей Луценко үздік атанды. Бұл отандасымыздың гранд-турдағы алғашқы үлкен жеңісі болды.

Жалпы есепте «Тур де Франстың» жеңімпазы британиялық Кристофер Фрум көш бастап келеді. «Астананың» капитаны Фабио Ару әзірге жетінші орында.

«Вуэльта Испании-2017» Бесінші кезең

Беникассим — Алькосебре, 175.7 шақырым

1. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») 4:24:58

2. Мерхави Кудус (Эритрея, Dimension Data) +0:42

3. Марк Солер (Испания, Movistar) +0:56

...

20. Фабио Ару (Италия, «Астана») +4:42

42. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») +5:26

55. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») +6:03

59. Йеспер Хансен (Дания, «Астана») +6:33

84. Пельо Бильбао (Испания, «Астана») +8:58

129. Никита Стальнов (Қазақстан, «Астана») +12:04

136. Сергей Чернецкий (Ресей, «Астана») +12:10

149. Лоуренс де Вриз (Бельгия, «Астана») +12:33

Жалпы классификация:

1. Крис Фрум (Ұлыбритания, Sky) 18:07:10

2. Тиджей ван Гардерен (АҚШ, ВМС) +0:10

3. Эстебан Чавес (Колумбия, Orica—Scott) +0:11

...

7. Фабио Ару (Италия, «Астана») +0:49

25. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») +2:52

28. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») +3:24

49. Йеспер Хансен (Дания, «Астана») +11:15

68. Пельо Бильбао (Испания, «Астана») +16:30

73. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») +18:43

79. Сергей Чернецкий (Ресей, «Астана») +20:09

120. Лоуренс де Вриз (Бельгия, «Астана») +27:30

145. Никита Стальнов (Қазақстан, «Астана») +32:23.

Айта кетейік, Алексей Луценконың жеңісі арқасында «Астана» жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер