Футбол

Станимир Стойлов: «Астана» Қазақстанға үлкен футбол мерекесін сыйлады

Станимир Стойлов: «Астана» Қазақстанға үлкен футбол мерекесін сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі аясында өткен «Селтикке» қарсы қарымта кездесуден соң «Астананың» бас бапкері Станимир Стойловтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Айта кетсек, Глазгодағы алғашқы матчта Станимир Стойлов командасы алаң иелеріне қауқары жетпеді. Шотландиялықтар елордалық ұжымның қақпасына бес бірдей жауапсыз гол соққан. Ал қарымта кездесу 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Қос ойынның нәтижесі бойынша «Селтик» Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

- Бүгін менің футболшыларым Қазақстанға үлкен футбол мерекесін сыйлады. Біз футболда бәрі мүмкін болатынын дәлелдедік. Жалпы екінші таймда қалай ойнағанымыз көңілімнен шықты. Оның үстіне 100 пайыздық екі гол соғатын мүмкіндігіміз болды. Екі голды соққанда мүмкін басқаша болар ма еді. Тағы қайталап өтемін, алғашқы кездесуде болмайтын голдарды жіберіп алдық.

Ласло Кляйнхайслердің жағдайын әзірге білмеймін. Оны бірден аурханаға алып кетті. Абзал Бейсебеков те соққы алды. Көзі ісіп кетті. Дегенмен «соғыста міндетте түрде жарақат» болады.

- Үш қорғаушы үлгісіне өткенде ойынымыз жүре бастады. Алдағы уақытта осы ойын үлгісін қолданасы ба?

- Жоқ, үш қорғаушымен ойнай беруге болмайды. Әр кездесуге өзінше дайындаламыз.

- Бүгін команда керемет ойын өрнегін көрсетті. Әсірес Патрик Твумаси ерекше көзге түсті. Ол командадан кетіп қалады деп қорықпайсыз ба?

- Патрик бірнеше жылдан бері Еуропада ойнап келеді. Ол жоғары деңгейдегі ойыншы. Патрик командадан кетіп қалады деп қорықпаймын. Оның командадан кететін, кетпейтінін клуб басшылығы шешеді. Кез келген ойыншының орнын өзге футболшылар баса алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер