SoccerMan
Футбол

АПЛ. 2-тур матчтарына болжам

АПЛ. 2-тур матчтарына болжам
news-banner7
mobile-news-top

Футболдың отаны Англия болғандықтан, бұл елде спорттың бұл түрі тым дамып кеткен. АПЛ матчтары қашан да қызыққа толы болады. Сондықтан, алдағы тур алдында үш матчқа болжам жасап көрейік.

Футбол. Англия чемпионаты.

Суонси Сити – Манчестер Юнайтед. 19.08.2017, 17:30.

«Суонси Сити» алғашқы турда Саутгемптонға барып, бір ұпай олжалап қайтқан-ды. Бірақ сол матчта «Суонси» ойыншылары әдемі футбол көрсете алған жоқ. Тіпті, есеп ашылмаған болатын. Расын айтқанда, «Суонсидің» гол жібермегені сауатты қорғаныстың емес, «Саутгемптон» шабуылы азуын батыра алмағанына байланысты. Оның үстіне, командадан Гильфи Сигурдссон кетіп қалды, Фернандо Льоренте болса, жарақаттанып жатыр. Ал «Манчестер Юнайтед» УЕФА Суперкубогында жеңіліп қалған соң ашулы. Алғашқы турда құрамын күшейткен «Вест Хэмді» тас-талқан етті. Сол жеңісті сериясын Суонсиде де жалғастырады деген сенім мол. Сондықтан, МЮ бұл ойында «Суонси» қақпасына екі гол соғуға қауқарлы деген болжам бар.

Бәс: «Манчестер Юнайтед» 1,5 көп гол соғады – 1.54 коэффициент

Футбол. Англия чемпионаты.

Ливерпуль – Кристал Пэлас. 19.08.2017, 20:00

Бұл ойында ешқандай тәуекелге бармай, алаң иелерінің жеңісін ала салуға болады. «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп осы маусымда ортаңғол командаларға ұпай сыйлай беруге болмайтынын айтқан болатын. Бірақ алғашқы турда «Уортфордпен» 3:3 болып, тең тарқасқан. «Энфилдта» мұндайды жіберуге болмайды. Оның үстіне, «Кристал Пэлас» та маусымды сәтсіз бастады. Өз алаңында Чемпионшиптен көтерілген «Хаддерсфилдтен» 0:3 есебімен жеңіліп қалған. «Мерсисайдтықтар» Филиппе Коутиньосыз-ақ «Кристал» футболшыларын қалпақпен қағып алуға шамасы жетеді.

Бәс: «Ливерпуль» жеңіске жетеді – 1.41 кф

Футбол. Англия чемпионаты.

Лестер – Брайтон. 19.08.2017, 20:00

Былтыр футбол әлемін шулатқан «Лестер» өткен аптада бабында екенін көрсетті. Әрине, «Арсеналдан» 4:3 есебімен жеңіліп қалуын әбестікке жатқызуға болмас. «Зеңбірекшілердің» алаңында лестерлік футболшылардың үш гол соғуы не тұрады? Джейми Варди екі гол соғып, өзінің өз бабына қайта келгенін аңғартты. Қос қапталда Олбрайтон мен Марез де белсенді ойнады. Енді «Лестер» өз алаңында «Брайтонды» ұтады деген сенім бар. Төменгі лигадан көтерілген «Брайтонның» өз алаңында «Манчестер Ситиден» жеңіліп қалған. Лестерде де жеңілісі жалғасатады деген болжамым бар.

Бәс: Лестер жеңіске жетеді – 1.77 кф

Англияда футбол маусымының енді басталып жатқанын ескерсек, алаңда кез келген нәтижені көріп қалуымыз мүмкін. Сондықтан, фавориттің аутсайдерден ұтылып, болжамды «быт-шыт қылуы» ғажап емес. Өткен турда «Челси» бізге соны дәлелдеп берді. Сәттілік!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер