Футбол

Постников «Астана» сапында еурокубокта көп ойын өткізген үздік ондыққа енді

news-banner7
mobile-news-top

Шотландиядағы «Селтикке» қарсы матч Евгений Постников үшін «Астана» сапындағы еурокубоктердегі 22-ші ойыны ретінде тіркелді.

Евгений осы көрсеткіші арқылы елордалық команда жейдесінде еурокубоктерде ең көп ойын өткізген ойыншылар тізімінде Фокси Кетевоаманы арқа тастап, ТОП ондыққа енді.

ТОП-10 ойыншы тізімінде елордалық команданың қазіргі құрамынан мына ойыншылар бар: Дмитрий Шомко (33 ойын), Абзал Бейсебеков (33), Ненад Эрич (30), Серікжан Мужиков (30), Марин Аничич (28), Джуниор Кабананга (27), Патрик Твумаси (26).

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» командасы Чемпиондар Лигасындағы «Селтикке» қарсы жауапты ойынын 22 тамыз күні кешкі сағат 21:30-да «Астана Арена» стадионында өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер