Футбол

«Шахтер» футбол клубы мың теңгеге сатылады

«Шахтер» футбол клубы мың теңгеге сатылады
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандыда көпжылдық тарихы бар «Шахтер» футбол клубы сатып алу құқығымен сенімді басқаруға беру үшін, бар болғаны 1 мың теңгеге аукционға шығарылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

Қарағандыда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасының басшысы Мұрат Кәдеков қазіргі сәтте сату алдындағы дайындық жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Шахтер» футбол клубы» АҚ-ны сату алдындағы дайындық жүріп жатыр - бұл бағалаушыны анықтау бойынша конкурстық процедуралар өткізу, бағалау бойынша есепті ұсыну, веб-порталға салу үшін құжаттар дайындау, тендерлік комиссия отырысын өткізу», - деді Мұрат Кәдеков.

Ол клубтың аукциондағы бастапқы құны бір мың теңге екенін атап өтті. Бұл ретте, сатып алу құқығымен клубты сенімді басқаруға алған тұлға оның 208 миллион теңге көлеміндегі кредиторлық қарызын жабуы тиіс болады.

«Клубтың нақты құны 208 миллион теңгені құрайды», - деді Мұрат Кәдеков.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер