Футбол

«Селтик» - «Астана» кездесуі Астанада бас экраннан көрсетіледі

news-banner7
mobile-news-top

«Селтик» пен «Астана» командаларының алғашқы матчы 16 тамызда Глазгода өтеді, ал қарымта кездесу 22 тамызда елордада «Астана-Арена» стадионында өтеді деп күтілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

16 тамыздан 17 тамызға қараған түні сағат 00.45-те «Астана» және «Селтик» командалары арасында өтетін ойын Арбатта жазғы кинотеатрдың экранында және Қазмедиа орталығының Нұржол желекжолы жағында орнатылған бас экранынан тікелей эфирде көрсетілетін болады. Ойын Еуропа футболындағы ең беделді турнир - УЕФА Чемпиондар лигасының аясында өтпек. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы маусымда «Астана» ФК еуропалық турнирдің 2 және 3 іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтті, Елордалық команда Латвияның «Спартак» (1:0, 1:1) және польшалық «Легия» (3:1, 0:1) командаларын ұтқан болатын. «Астананың» қарсыласы «Селтик» командасы Солтүстік Ирландияның «Линфилд» (2:0, 4:0) және норвегиялық «Русенборг» (0:0, 1:0) клубтарын ұтқан.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер