Футбол

Сергей Климов: Үшінші айналымда әр ұпай алтынға тең

news-banner7
mobile-news-top

«Ертіс» футбол клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Сергей Климов «Атырауға» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл тартыс 0:0 есебімен аяқталды.

— Өте ауыр ойын болды. Әсіресе, бірінші таймда. Атырауда ойын алдындағы жаттығуды өткізбегендіктен шығар. Алаңға бой үйретіп, ненің қалай екенін түсінгенше, бірінші таймда қарсыластардың басымдығы байқалды.
Екінші таймда жүйені қайта құрдық, мүмкіндіктер пайда бола бастады. Голды біз де, қарсыластар да соға алатын едік. Тым қиын әрі жүйке тоздырарлық матч. Қазір, үшінші айналымда әр ұпай алтынмен тең. Жұмыс жасайтын боламыз.

Түпнұсқасы: «Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер