Футбол

Сергей Павлов: Бүгін аздап жолымыз болмады

news-banner7
mobile-news-top

«Атырау» клубының бас бапкері Сергей Павлов «Ертіспен» өткен тең ойын жайлы пікірін білдірді.

— Біз үздіктер тобындағы командамен ойнадық. Еурокубогте лайықты өнер көрсеткен салмақты командамен кездесетінімізді білдік. Қарсыластардың күші мен деңгейінің қандай екенін де білдік. Бірінші таймда тамаша өнер көрсеттік. Әзірге, бұл біздің ең күшті бірінші тайм деп есептеймін. Жалпы, ойын барысында жақсы мүмкіндіктер мен әдіс-тәсілдер болды.

Екінші таймда қарсылас ойын жүйесін өзгертіп, біздің жігіттер асыға бастады. Мен жігіттерге егер сендер дұрыс ойнауды емес, жылдам гол салуды ойласаңдар ойынымыз құлдырап кетеміз деп ескерттім. Нәтижесінде, жігіттер кей жерлерді соңына дейін жеткізбей, кей тұста қателіктер жасады.

Екінші тайм тең деңгейде өтті, жартылай мүмкіндіктермен, бізде де, оларда да, Негізі, біздің екі-үш өткір сәттеріміз болыпеді, жүзеге асыра алмадық, аздап жолымыз болмады.

Түпнұсқасы: fcirtysh.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер