Футбол

«Астана» - «Селтик» матчын Арбаттағы жазғы кинотеатрдан тамашалауға болады

news-banner7
mobile-news-top

16 тамызда сағат 00:45-те Астанадағы жазғы кинотеатрда елордалық «Астана» мен шотландиялық «Селтик» клубтарының арасында өтетін ойынды тікелей эфирде көрсетеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Осы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасында елордалық клуб латвиялық «Спартак» (1:0, 1:1) пен польшалық «Легиядан» (3:1, 0-1) сүрінбей өтті. Ал «Селтик» болса Солтүстік Ирландияның «Линфилд» (2:0, 4:0) пен норвегиялық «Русенборг» (0:0, 1:0) клубтарынан басым түсті. Ендігі кезекте Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін екі ұжым күш сынаспақ. Сарыарқа аудандық әкімдігі барлық футбол жанкүйерлерін өз командасына қолдау көрсету үшін Арбатқа шақырды.

Түпнұсқасы: ҚазАқпарат Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер