Футбол

Күзетшіден кәсіпқой футболшыға дейін. Марочкиннің тарихы

Күзетшіден кәсіпқой футболшыға дейін. Марочкиннің тарихы
news-banner7
mobile-news-top

Көкшелік «Оқжетпес» клубының қорғаушысы Александр Марочкин Prosports.kz сайтына берген сұхбатында команданың қазіргі жағдайы, футболға 22 жаста келгенін және кәсіпқой футболшы болмай тұрып қандай жұмыс істегенін айтып берді.

«Оқжетпестің» ел біріншілігіндегі қазіргі орны нашар нәтиже

Әрине, 10 орын жақсы нәтиже емес. Өткен жылы бұдан жақсы өнер көрсеткен едік. Бұл жолы бірнәрсе дұрыс болмай жүр. Бапкерлер мен басшылық құрамы өзгеріске ұшырады. Ендігі мақсат - турнирлік кестеде барынша жоғары көтерілу.

Алғашқы мүмкіндігімді пайдала алған жоқпын

2012 жылы жасым 22 келгенде футбол ойнай бастадым. Бірінші Лигада өнер көрсеткен «Іле-Сәулет» командасы болатын. Алматы қаласынан алыс емес жерде орналасқан. Менің үйіме жақын. Аптасына бір мәрте достарыммен алаңда доп теуіп қайтатынбыз. Алғаш рет 2011 жылы осы клубқа қаралымға шақырды. Бірінші жаттығудан жолым болмай, сәтсіз ойнадым. Әріптестерім менің ойынымды көріп, көңілдері толмайтын. Олар пас беріп, арнайы жаттығулар жасаса, менің ештеңеге икемім келмеді. Осылайша, бірінші мүмкіндігімді пайдалана алмадым. Кәсіпқой футболшылардан ұялып, жаттығуларға мүлдем келмей кеттім.

Андрей Ферапонтов бапкер мені ауладан үлкен футболға әкелді

Футболдағы мансабым басталмай жатып аяқталады деп ойладым. Алайда араға бір жыл салып қайтадан Іле-Сәулет» командасына қаралымға шақырды. Бұл жолы мүмкіндігімі толықтай пайдалана білдім. Қысқа клуб басшылығы келісімшарт ұсынды. Қол қоймасқа амалым жоқ еді. Ақырындап жаттыға бастадым. Осылайша, үлкен футболдың қақ ортасынан бір-ақ шықтым. Бала кезден футболмен айналыспағандықтан біраз қиындықтар болды. Дегенмен уақыт өте келе үйренісіп кеттім. Маусым соңында ақырындап жасыл алаңға шыға бастадым. Тіпті соңғы төрт ойын қатарынан негізі құрамда ойнаған едім.

2013 жылы негізгі құрамның ойыншысына айналдым. Алайда маусым соңында клуб өмір сүруін тоқтатты. Футболдағы мансабым қайта ерте аяқталды ма дегенде ақтаулық «Каспий» ұсыныс жасады. Ұзақ ойланбастан, Ақтауға тартып кеттім. Ол жақта толық бір маусым ойнадым.

Аулада алаң емес, құм-тас жерде ойнайтынбыз

Кәсіпқой футболға келмей тұрып аулада ойнайтын едім. Аптасына 1-2 рет достарыммен жиналып, доп тебетінбіз. Үлкен футболды аз ойнайтынбыз. Өйткені ол кезде алаң емес, құм-тас жер болатын. Аулада шабуылшы болатынмын. Гол соққанды ұнатамын. Алайда «Іле-Сәулетке» келгенде Ферапонтов бапкер мен қорғанысқа қойды. Содан бастап қорғаушы болып ойнаймын.

Кәсіпқой футболшы болмай тұрып күзетші болып істедім

Шынымды айтсам кәсіпқой футболшы болатыным үш ұйықтасам да түсіме кірмеген. Тіпті армандамайтынмын. Жәй өзім үшін аулада доп тебетін едім. Әр жерде бір жұмыс істейтінмін. Күзетші болып қызмет істегенім де бар. Ал қазір Ұлттық құрамадан хабарласты. Құдай бұйыртса, ол жақта да ойнармыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер