Бокс

«Канело» МакГрегормен жекпе-жек өткізуге дайын

«Канело» МакГрегормен жекпе-жек өткізуге дайын
news-banner7
mobile-news-top

Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегор мен америкалық боксшы Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуі мүмкін екенін айтты.

«Егер МакГрегор жеңіп, ғажайып нәрсе орын алса, мен онымен жекпе-жек өткізуге дайынмын. Алайда бұлай болатынына күмәнім бар», — деп келтіреді Альварестің сөзін Аllboxing сайты.

Естеріңізге сала кетсек, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында жекпе-жек өткізеді. Ал UFC чемпионы Конор МакГрегор мен америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер дәл осы спорт кешенінде 26 тамыз күні жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер