«Құпия» ақпарат
Бокс

Флойд Мейвезер мен Геннадий Головкин жекпе-жек өткізе ме?

Флойд Мейвезер мен Геннадий Головкин жекпе-жек өткізе ме?
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіліп көрмеген америкалық кәсіпқой боксшы кіші Флойд Мейвезер FSNews тілшісінің мексикалық Сауль «Канело» Альварес немесе қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу жоспарыңызда бар ма деген сұрағына жауап берді.

«Жоқ, жоқ. Осымен бітті. «Канело» мен Triple G жайында әңгіме қозғамаңыз. Қажет емес. Бұл соңғы жекпе-жегім болады деп уәде бердім», — дейді америкалық боксшы FSNews сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Конор МакГрегор мен америкалық 12 салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы, америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер 26 тамыз күні Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді.

Сұхбаттың толық нұсқасы төмендегі видеода.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер