МӘССАҒАН

Бес миллионның жазасы - жеті жыл. Демченко сотталды

Бес миллионның жазасы - жеті жыл. Демченко сотталды
news-banner7
mobile-news-top

Жанна Геннадиевна Демченко синхронды жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған кезінде ақша жымқырғаны үшін сотталды.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 cоты наурыз айында үкім шығарған екен. Бұл туралы таяуда ғана белгілі болды. Төрешінің шешіміне сәйкес, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салған Демченко ҚР Қылмыстық Кодексінің 385 бабы 1-тармағы, 189 бабы 4-тармағы бойынша айыпты деп танылған. Ол шартты түрде 7 жылға сотталды, алайда "ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау" туралы заңға сәйкес жаза мерзімі екі есе қысқартылды.

Сот материалдарынан белгілі болғандай Демченко Ж.Г. 2012-2015 жылдар аралығында 5 721 871 теңге жымқырған.

Естеріңізге салайық, синхронды жүзуден ұлттық құраманың бұрғынғы мүшелері Әйгерім Жексембинова, Айсұлу Наурызбаева, Әйгерім Исаева, Амина Ермаханова мен Айнұр Керей prosports.kz тілшісіне бапкердің былықтары туралы ащы шындықты айтып сұхбат берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер