Теңбіл доп әлемі
Футбол

Неймар «Барселонамен» соттасатын болды

Неймар «Барселонамен» соттасатын болды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» клубынан ПСЖ командасына ауысқан Неймар бұрынғы командасын сотқа бермек. Бұл туралы испандық БАҚ өкілдері хабарлап отыр.

Неймардың дәл осындай әрекетке баруына «Барселона» клубының әкесінің алдындағы қарызды төлемеуі себеп болып отыр. Каталондық клуб Неймардың әкесіне ұлының келісімді ұзартқаны үшін 26 млн еуро төлеуі тиіс болатын. Алайда Неймар ПСЖ клубына ауысып кеткен соң «Барселона» бұл соманы төлеуден бас тартақан.

«Мен көк тиын ақша алғам жоқ. Не жасарымды да білмеймін. Қоқан лоққы көрсетпейтін шығармын. Сол себепті «Барселона» клубына сенуден қалдым. Ұлым өзге клубқа ауысқысы келгенде оны райынан қайтарғым да келмеді», - дейді Неймардың әкесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер