Футбол

Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы «Анжиді» баптауы мүмкін

Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы «Анжиді» баптауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Юрий Красножан ресейлік «Анжи» клубының тізгінін ұстауы мүмкін, деп жазады ProSports сайты.

Жақын уақытта «Анжи» клубының қазіргі бапкері Александр Григорян жұмысынан кетуі мүмкін. Егер «Анжи» Ресей чемпионатының 5-ші турында «СКА-Хабаровск» командасына есе жіберсе, бас бапкер дереу түрде қызметінен босатылады.

«СЭ» басылымының мәліметінше, «Анжидің» тізгініне Юрий Красножан келеді. 54-жастағы ресейлік маман 2014-15 жылдары Қазақстан құрамасын баптаған. Ұлттық құраманы тізгінінде 18 ойын өткізген. Оның 8-нде жеңілсе, жетеуінде тең түскен. Ал үш кездесуде біздің құрама қарсыластарынан басым түсті.

Айта кетейік, 2011 жылдың соңында Юрий Красножан «Анжи» командасына жаттықтырушы болып тағайындалған. Алайда арада бір ай өткенде, бірде-бір ресми ойын өткізбеген ресейлік маман қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер