Футбол

УЕФА Суперкубогы: «Реал» мен МЮ гол алмасады

УЕФА Суперкубогы: «Реал» мен МЮ гол алмасады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Манчестер Юнайтед» пен мадридтік «Реал» УЕФА Суперкубогын сарапқа салады.

Аталмыш кездесу Македонияның Скопье қаласында өтеді.

Бүгінгі ойынға «Бланкостың» жұлдызы Криштиану Роналду қатыспауы мүмкін. Португалиялық футболшы ары кетсе 20 минутқа алаңға шығып қалуы ықтимал. Сондықтан, бүгін «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан шабуылшы Бензема мен Искоға ерекше сенім артады. Гарет Бейл де өз әріптестеріне көмектесуге дайын.

«Манчестер Юнайтед» болса бұл кездесуге сақадай сай дайын сияқты. Жозе Моуриньоның шәкірттері жаңа маусым алдындағы матчтарда жақсы ойын көрсетті. Әсіресе, Лукаку мен Мхитарянды ерекше атап өтуге болады.

Бүгінгі ойында қос команда да гол соғуы тиіс. Кездесу тағдыры пенальти сериясында шешілсе де таң қалмаймын. Негізі, екі ұжымнан МЮ жеңіске жақынырақ. Бірақ тәуекелге бармай-ақ «екі командада гол соғады» деген «ставканы» таңдаймын.

Болжам - «РЕАЛ» – МЮ: Екі командада гол соғады – 1.7 кэф

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер