Футбол

Постников «Астана» сапында еурокубокта көп ойын өткізген ТОП-10 тізіміне енді

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы Польша астанасында «Легия» командасына 1:0 есебімен жол бергендігіне қарамастан, екі ойын қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Аталмыш кездесудің 63-ші минутында Марин Аничичтің орнына алаңға шыққан Евгений Постников елордалық команда сапында еурокубоктердегі 22-ші ойынын өткізді.

Евгений осы нәтижесі арқылы Фокси Кетевоамамен теңесіп, УЕФА аясындағы турнирлердегі елордалық команда жейдесінде ең көп ойын өткізген ойыншылардың үздік ондығына енді.

Ал осы көрсеткіштер бойынша ең үздік көрсеткіш қорғаушылар - Дмитрий Шомко мен Абзал Бейсебековке (32ойын) тиесілі.

Ал үздік ондыққа «Астананың» қазіргі құрамынан мына ойыншылар кіреді: Ненад Эрич (30), Серікжан Мужиков (29), Марин Аничич (28), Джуниор Кабананга (26) және Патрик Твумаси (25).

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер