Футбол

Владимир Вайсс «Қайратқа» қайтып оралмайды

Владимир Вайсс «Қайратқа» қайтып оралмайды
news-banner7
mobile-news-top
«Қайрат» клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев словакиялық бапкер Владимир Вайсс алматылық команданың тізгігін қайтадан ұстайды деген ақпаратты растамады.

БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде жазылғандай Владимир Вайсс «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметіне қайтып оралмайды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені біздің клуб Владимир Вайсспен келіссөздер жүргізген жоқ және оны «Қайраттың» бас бапкері қызметіне үміткер ретінде қарастырған емес. Қзіргі таңда Карлос Алос Феррерге толықтай сенім артамыз, — деп жазыпты Қайрат Боранбаев Іnstagram парақшасында.

Владимир Вайсс айсс «Қайратты» 2012-2015 жылдар аралығында баптаған болатын. Қазіргі таңда алматылық команданы испаниялық бапкер Карлос Алос Феррер жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер