Нар тәуекел
Футбол

Чемпиондар лигасы. Іріктеу кезеңі. "Легия" - "Астана"

Чемпиондар лигасы. Іріктеу кезеңі. "Легия" - "Астана"
news-banner7
mobile-news-top

Екі команда арасындағы күрес шешуші кезіне жетті. Бірінші ойында көпшілік күтпеген есеп тіркелгенін мойындау керек, бірақ сенсация деуге ауыз бармайды. Астана Спартак Юрмаламен болған сүреңсіз ойындағы кеткен есені Легияға қарсы кездесуде артығымен қайтарды. Алаң иелері салқынқандылық пен жинақылық танытты: қорғаныста сақ ойнағанымен қоса, шабуылда өзінің мүмкіндіктерін толық пайдаланды. Сол себепті де 3-1 есебі - заңдылық. Ал Варшавадағы матч мүлде басқа тақырып болмақ. Бұл жолы поляктар алаңның әр бөлігінде өздерінің басым екенін көрсетуге жанын салатын болады. Өздерін де, өзгені де аяп қалмасы сөзсіз. Олардың көздегені - бірінші ойын нәтижесінің кездейсоқ екенін дәлелдеу. Сол үшін де бірінші минуттан шабуылға бар күш-қайратымен лап қоятын түрлері бар, елордалық ұжымға өте ауры соғайын деп тұр, дегенмен оларға қысымға шыдап, соққыға төтеп беруге, кез келгенде қарсыласын тістеп алуға қажет ресурстар жеткілікті. Егер Астана өз ойнын таба алатын болса, онда плэй-оффқа жолдама соларда.

П1 - 1.67

Екеуі де гол соғады - 1.73

Астана өтеді - 1.42

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер