МӘССАҒАН
Бокс

Геннадий Головкин фанатының көңілін қалдырды

Геннадий Головкин фанатының көңілін қалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Әлемге әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзімен селфиге түскісі келген фанатының көңілін қалдырды, деп хабарлайды Baq.kz.

Дереккөзінің хабарлауынша, бұл оқиғаға TerezOwens сайтының оқырманы куә болыпты.

«Кеше мен Калифорниядағы Малибуда болып, келіншегі Алинамен бірге жүрген GGG-ды көрдім. Оны мен және тағы бір жігіт таныды. Мен Головкинге жақындап нағыз фанаты екенін айтып, суретке түсуді өтіндім. GGG «жоқ» деді де, бұрылып әрі қарай кетіп қалды. Мұндай ыңғайсыз жағдайды бұрын-соңды көрмеген шығармын», - деді жанкүйер.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегасте өтеді. Отандасымыз бұл кездесуде мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтаспақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер