Бокс

Қанаттың қарсыласы жейделер сатып, ақылы жаттығуларын өтемек

Қанаттың қарсыласы жейделер сатып, ақылы жаттығуларын өтемек
news-banner7
mobile-news-top

Канадалық боксшы Бэндон Кук 9-шы қыркүйекте Астанада Қанат Исламмен болатын жекпе-жек қарсаңында футболка сатып, ақылы жаттығуларын төлемек. Бұл жайлы боксшының өзі твиттер парақшасында жариялады.

«Менің 9 қыркүйектегі жекпе-жегіме төрт түрлі футболка тігіледі. Оны сатыудан түскен пайданы жекпе-жек алдындағы дайындық ақысын өтеуге жұмсаймын. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Ерлер футболкасының құны 25 АҚШ доллар, ал әйелдердікі 20 доллар болады», - дейді Кук.

Айта кетейік, бұған дейін Кук бокспен айналысу үшін он жыл бойы есік пен терезе орнатып келгенін айтқан.

Еске салайық, Қанат Ислам және Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек 9 қыркүйекте Астанада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер