Футбол

Патрик Твумасиге түріктің «Бурсаспоры» қызығушылық танытуда

Патрик Твумасиге түріктің «Бурсаспоры» қызығушылық танытуда
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның суперлигасында өнер көрсететін «Бурсаспор» командасы елордалық «Астананың» шабуылшысы Патрик Твумасиге қызығушылық танытып отыр, — деп хабарлайды ProSports сайты bursasporx.com сайтына сілтеме жасап.

Ганалық футболшыға «Бурсаспордың» бас бапкері Поль Ля Гуэннің өзі қызығуда.

23 жастағы ганалық шабуылшы «Астананың» сапына 2013 жылы латвиялық «Спартактан» ауысып келген. Ал Конго ДР құрамасының ойыншысы Жуниор Кабананга 2015 жылы Бельгияның «Серкль Брюгге» командасынан елордалық ұжымға қосылды.

Бұған дейін «Астананың» ойыншылары Патрик Твумаси мен Жуниор Кабананга командасымен келісімшарт мерзімін екі жылға ұзартқан еді.

Айта кетейік, Патрик Твумаси «Астананың» сапында барлығы 123 ойынға қатысып, 44 мәрте қарсыласының қақпасын дәл көздеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер