Criminals
Футбол

Танымал футболшы ислам дінін қабылдамақ

Танымал футболшы ислам дінін қабылдамақ
news-banner7
mobile-news-top

Кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, алты жылға сотталған «Сандерленд» клубы мен Англия құрамасының ойыншысы Адам Джонсон түрмедегі өлімнен аман қалу үшін ислам дінін қабылдамақ. Бұл жайлы The Sun басылымы хабарлады.

Абақтыдағылар 30 жастағы Джонсонға оны бауыздайтынын жеткізген. Ал футболшыға тек мұсылмандар жақтаспақ.

Айта кетейік, 16 шілде күні футболшы басқа түрме камерасына ауыстыруын сұраған. Алайда түрме басшылығы оның өтінішін қанағаттандырмады.

Естеріңізге салайық, 2016 жылдың наурыз айында сот Джонсонды қылмыстық заңның екі тармағы бойынша кінәлі деп мойындады. Футболшы ешқандай сексуалды зорлық пен әрекеттер болмағанын және ол тек 15 жасар жанкүйер қызбен сүйіскенін айтып ақталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер