Нар тәуекел
Футбол

Чемпиондар лигасы. "Аякс - Ницца"

Чемпиондар лигасы.  "Аякс - Ницца"
news-banner7
mobile-news-top

Тамыз айы басталысымен біз ЧЛ-да 3-ші іріктеу кезеңінің қарымта кездесулеріне куә болмақпыз. Барлық жұптардың арасында ең мықты жұп ретінде "Аякс" пен "Ниццаны" ерекше атап өтуге болады. Екі команда да бір-біріне күш-қуаты бойынша деңгейлес, шамалас ұжымдар. Екі команданың да құрамдарының негізін жас әрі талантты футболшылар құрайды, сондай-ақ өз мансабында көпті көрген, тәжірибесі толысқан шеберлер бар. Сондықтан екінші ойында онсыз да жоғары қарсылық қарқыны артпаса кемімейтіні айқын. Ал алғашқы ойын 1-1 есебімен аяқталғаны мәлім. Ол матчтағы 1 таймда алаң иелері өздерінің шабуылдағы шамаларын барынша көрсетіп, бірінші болып есеп ашқан болатын, ал екінші таймда қонақтар физикалық дайындығының басымдығы арқасында өз голдарын соғып алды. Солайша өздеріне тиімді есеппен және көтеріңкі көңілмен елдеріне оралған еді. Бұл орайда айтатын аса бір маңызды жайт бар, ол амстердамдықтардың француздарға қарағанда Еврокубоктардағы жинап үлгерген мол тәжірибесі болып табылады. Дәл осы факторды "Аякс" қарымта ойында өз пайдаларына жаратып, плэй-офф жолдамасын қалталарына салуы тиіс. Бірақ "Ницца" оңайлықпен шағылатын жаңғақ емес, олар өз тарихындағы алғашқы ЧЛ-да топтық кезеңге түсу үшін қолынан келгеннің барлығын жасап қалмақ. Тіпті экстра-тайм мен пенальти сериясын көріп қалуымыз ғажап емес. Бір сөзбен, бізді алаңның әрбір бөлігінде кескілескен талас-тартысқа толы текетірес күтіп тұр. Ойын екі жақтан да болатын голдармен көзге түседі деп ойлаймыз.

Аякс өтеді - 1.41

Тотал (2.5) Б - 1.81

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер