Теңбіл доп әлемі
Футбол

Неймар жаттығу кезінде командаласымен төбелесіп қалды

Неймар жаттығу кезінде командаласымен төбелесіп қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» ойыншысы Неймар каталондық клубтан кетеді екен», «ПСЖ Неймар үшін футбол тарихында бұрын соңды болмаған қаржы жұмсауға дайын», «Неймардың әкесі ПСЖ басшылығымен түскі ас ішіпті».

Дәл осындай немесе осыған ұқсас алып қашпа әңгіме каталондық клуб жанкүйерлерін ғана емес барша футбол десе ішкен асын жерге қоятын, ала допқа арбалғандардың бәрін мезі қылғаны рас.

Енді міне сол қауөсеттірге тағы бір жанжал келіп қосылды. Неймар жаттығу кезінде командаласымен төбелесіп қалыпты. Командаға жаңадан келген Самеду деген қорғаушы жаттығу кезінде Неймарға қарсы дөрекі ойнаған көрінеді. Өз кезегінде бразилиялық ойыншы жұдырығын ала жүгірген. Абырой болғанда жағдайдың ушығып кетуіне командаластары жол бермеген көрінеді.

Photo published for Neymar walks out of Barcelona training following Semedo challenge

Командаластары араша түсіп ойыншыларды екі жаққа таратып жіберген соң Неймар жаттығуды тастап команданың базасынан мүлдем кетіп қалғанға ұқсайды. Ендігі жерде Неймар әріптестерін көре ма жоқ па ол жағы уақыт еншісінді...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер