Футбол

Азамат Айтхожин: «Астана» маңызды қадам жасады

news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының басшысы Азамат Айтхожин Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде Польшаның «Легия» командасын тізе бүктірген елордалық «Астананы» құттықтады.

— «Астана» барша жанкүйерлерге тамаша футбол мейрамын сыйлады. Жеңіске жетуге үлесін қосқан барлық қызметкерлерді, басшылықты, жаттықтырушыларды және ойыншыларды құттықтаймын. «Астана» нағыз чемпионға лайық ойын өрнегін көрсетті. Қорғанысы мықты болып, шабуылда керемет ойнай білді. Жіберілген гол қорғаушыларды Варшавада болатын қарымта ойында аянбай және нық қимылдауға ынталандыратыны анық.

«Астана» өте маңызды қадам жасады. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының атынан елордалық командаға қарымта ойында сәттілік тілеймін, — делінген ҚКФЛ басшысы Азамат Айтхожиннің құттықтау хатынды.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі тамыздың екісі күні Польша елінде өтеді.

Түпнұсқасы: ҚКФЛ ресми сайтынан Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер