Волейбол

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Индонезияның Сурабая қаласында волейболдан ерлер арасындағы азия чемпионаты жалғасуда.

«А» тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үшінші ойынын өткізіп, жеңіске жетті. Біздің құраманың бұл жолғы қарсыласы Сауд Арабиясы болатын. Кездесу 3:0 (25:13, 25:22, 25:17) есебімен аяқталды.

Қазақстаннан өзге ширек финалға Оңтүстік Корея, Жапония, Иран, Қытайлық Тайпей, Австралия және Қытай құрамалары шықты. Сегізінші команда Катар мен Индонезия құрамалары кездесуінен соң белгілі болады.

Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы әзірге белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер