Волейбол

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатын жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Индонезияның Сурабая қаласында волейболдан ерлерарасындағы Азия чемпионаты басталды.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Катар құрамасын жеңді.

Кездесу Қазақстан құрамасы үшін аса сәтсіз басталған еді. Алғашқы екі партияда Қазақстан құрамасы Катарға айтарлықтай қарсылық көрсете алмай 0:2 есебімен ұтылып жатты.

Есесіне үшінші партиядан бастап қазақстандық жігіттер ойынды өз қолдарына алды. Екі партияда жеңіске жетіп есепті теңестірген Қазақстан құрамасы шешуші бесінші партияда да жеңіске бастар жолды жаңылмай тапты.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын ертең жарыс қожайындарына қарсы өткізеді. Олар өз кезегінде бүгін Сауд Арабиясын жеңген болатын.


Азия чемпионаты. Ерлер. «А» тобы. Сурабая, Индонезия.

Катар — Қазақстан 2:3 (25:18, 25:20, 24:26, 19:25, 10:15).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер