Велоспорт

Кристофер Фрум - «Тур де Франстың» жеңімпазы

Кристофер Фрум - «Тур де Франстың» жеңімпазы
news-banner7
mobile-news-top

32 жастағы британиялық велошабандоз Крис Фрум төртінші рет «Тур де Франс» велокөпкүндігінің жеңімпазы атанды.

Sky командасының капитаны қатарынан үшінші рет Францияда топ жарды. Айта кетер жайт, Фрум бірде-бір кезеңде жеңіске жеткен жоқ, бірақ соған қарамастан жалпы есепте оны ешкім оза алмады.

Астананың капитаны Фабио Ару жарысты бесінші орында аяқтады. Колумбиялық Ригоберто Уран екінші орынға ие болса, франциялық Роман Барде үздік үштікті түйіндеді.

Ал жарыстың соңғы кезеңінде голландиялық Дилан Груневеген мәреге бірінші болып жетті.

«Тур де Франс». 21-ші кезең этап

Монжерон — Париж. 103 шақырым

1. Дилан Груневеген (Нидерланды, Lotto NL-Jumbo) 2:25:39

2. Андре Грайпель (Германия, Lotto Soudal)

3. Эдвальд Боассон Хаген (Норвегия, Dimension Data)

22. Бахтияр Қожатаев (Қазақстан, «Астана»)

53. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана»)

58. Фабио Ару (Италия, «Астана»)

62. Михаэль Вальгрен (Дания, «Астана»)

107. Андрей Гривко (Украина, «Астана»)

116. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана»)

143. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») +1:31

Жалпы классификация

1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky) 86:20:55

2. Ригоберто Уран (Колумбия, Cannondale-Drapac) +0:54

3. Ромен Барде (Франция, AG2R) +2:20

5. Фабио Ару (Италия, «Астана») +3:05

42. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») +1:59:09

59. Михаэль Вальгрен (Дания, «Астана») +2:25:36

65. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») +2:39:10

86. Бахтияр Қожатаев (Қазақстан, «Астана») +3:04:11

108. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») +3:24:42

113. Андрей Гривко (Украина, «Астана») +3:32:14.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер