Футбол

Рашид Рахимов «Қайратты» баптамайды

Рашид Рахимов  «Қайратты» баптамайды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік маман Рашид Рахимов алматылық «Қайратпен» келіссөздер жүргізбеген, деп жазады Prosports.kz ТАСС басылымына сілтеме жасап.

«Қайрат» жайлы ештеңе естімедім. Әзірге ешқандай келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпын.

Дәл қазіргі сәтті «Хоффенхайм» командасының жиынындамын. Тәжірибе жинақтап жатырмын. Бұған дейін италиялық «Наполи» клубында тәжірибеден өткенмін», - деді Рахимов.

Айта кетейік, 52-жастағы маман 2013-2017 жылдар аралығында «Терек» (қазіргі «Ахмат» –Prosports.kz) командасын баптаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер