Футбол

Станимир Стойлов: «Легиямен» болатын кездесуге жоғары деңгейде дайындаламыз

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы Қазақстан Премьер-Лигасының 21-ші туры аясында өз алаңында қостанайлық «Тобыл» командасын қабылдап 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңындағы баспасөз жиынында елордалық команда бас бапкері Станимир Стойлов журналистердің сұрақтарына жауап беріп, кездесу туралы өз ойымен бөлісті.

- Менің ойымша біздің команда бүгінгі кездесуде лайықты жеңіске жетті. «Астана» ойынды өз бақылауында ұстап, ұйымшылдық танытып, жылдам футбол көрсете білді. Ойыншылардың барлығының ойы алдағы «Легиямен» болатын кездесуде екендігіне қарамастын, бүгін жігіттер алаңда барын салды. Бүгінгі кездесуде біз үшін маңыздысы ойын жылдамдығы мен дәлдік болатын. Біз өз дегенімізге жеттік. Енді алдағы «Легиямен» болатын кездесуге барынша жоғары деңгейде дайындалатын боламыз.

- Чемпиондар Лигасында «Астана Арена» стадионына 20 000-нан астам жанкүйер жиналған болатын. Дәл сондай ойын атмосферасынан кейін, Премьер-Лига ойындарына ауысу қаншалықты қиын? Бүгінгі кездесуде ойын жылдамдығы аздап төмен болды. Бұл ойыншылардың психологиялық дайындығына байланысты ма, әлде физикалық тұрғыда қиын болды ма?

- Менің ойымша сіз келтірген екі фактордың да тікелей әсері бар. Бірінші кезекте бүгін елордамызда күн ыстық болды. Сондықтан, ойын жылдамдығы аздап төмен болғандығы рас. Ал біздің команданың ойын жылдамдығының төмен болуы, қарсыластарымызға әр кезде қол болары анық. «Спартакпен» өткен кездесуде алаңға шыққан ойыншылар мен ол кездесуге қатыспаған ойыншылардың жылдамдығы тең дәрежеде болды. Менің айтарым «Астана» сапындағы кез келген ойыншы негізгі құрамдағы орындары үшін таласулары қажет. Мен ерте ме, кеш пе команда құрамындағы барлық ойыншыға мүмкіндік беремін. Сол мүмкіндікті кез келген футболшы оңтайлы пайдалана білулері керек.

- Бүгін өте ұзақ уақыттан кейін Ненад Эрич негізгі құрамда алаңға шықты. Осы орайда, «Астана» командасы капитанының «Легияға» қарсы кездесуде негізгі құрамда шығуға мүмкіндігі бар ма?

- Менің командамда екі бірдей мықты қақпашы бар. Мен оны қайталап айтудан жалықпаймын. Қақпада екі қақпашының қайсысы тұрса да, олар өздерінің ең жоғарғы деңгейлерін көрсететіндігіне сенімдімін.

- Соңғы ойындарда Патрик Твумаси өзінің нағыз бабында екендігін көрсетіп жүр. Дәл қазір «Астананың» үздік ойыншысы Твумаси деген пікірмен келісесіз бе?

- Патрик бірінші кезекте өз жұмысын орындап жүр. Оның жұмысы гол соғу, айып алаңына доп көтеру және қандай ойын болмасын жақсы ойын үлгісін көрсету. Осыған дейін команда сапындағы басқа ойыншылар гол соғып келсе, қазір Патрик өзіне тиесілі голын соғуда. Ал команда сапындағы басқа ойыншылар, өз деңгейлерін көтерулері керек. Себебі «Легиямен» болатын кездесуге маған барлығының жақсы ойнағаны қажет. Ал Патрик өз кезегінде бүгінгіден де жақсы, нәтижелі ойнай алады.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер